MYNBAY - Күттай
Трек

Күттай

Тыңдау
Жүктеу
21
Ән мәтіні
Ән мәтіні: 1.Сен тұратын көшенің білем ішін,
Мен тұратын жүректің жүрегісің.
Сен келетін орындар тек сен үшін,
Осылай салынғанын білемісің?

Қ-сы:
Әтір сеппей шығатын жұпарыңды,
Мен сүйетін иіс деп тұтам үлгі.
Сен сүймейтін кофені ішіп алып,
Сен сүйсіне оқитын кітабыңды,

Ұйықтаумен өткізер уақытыңды,
Қолдарыңа тағатын жақұтыңды,
Бәрін, бәрін сүйемін, сенен ғана,
құрап алып “ең күттай бақытымды”.

Рэп:
Біз әлгі ғашықтардың жолдарына,
Бітпейтін ұрыстардың салдарына,
Басқа қолды қыспаған қолдарыңа,
Басқа адамды құшпаған арға мына,
Басқаны сүйе алмайтын талғамыңа,
Ғашық болып қалсам сол, сол ма күнә?
Сол ма күнә?
Сұлусың шашар таңға арай,
Сөздерің жұмсақ жанға май.
“Күп-күттай” мендік арман, ой,
Сен келіп орындалғаны-ай, ай ай қарғам-ай,
Тағы өмір берсе,
Мүмкіндік келсе,
Сен дер ем сенсең,
Сен, сен, сен, сен, сен, сен-ақ!

Қ-сы:
Әтір сеппей шығатын жұпарыңды,
Мен сүйетін иіс деп тұтам үлгі.
Сен сүймейтін кофені ішіп алып,
Сен сүйсіне оқитын кітабыңды,

Ұйықтаумен өткізер уақытыңды,
Қолдарыңа тағатын жақұтыңды,
Бәрін, бәрін сүйемін, сенен ғана,
құрап алып “ең күттай бақытымды”
Біздің сайттан MYNBAY – Күттай әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Күттай» әні MYNBAY орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама