Нұржан Керменбаев - Айналайын (2019)
Трек

Айналайын (2019)

Тыңдау
Жүктеп
715
Ән мәтін
Ән мәтін: Айым, күнім сенің жүзің ақ таңдай
Бір бақыт сені күнде көру
Мына жүрек барын, бағын тапқандай
Арманым мендей бірге болу

Қайырмасы:
Айналайын айдай маралым
Ақ жүзіңе тоймай қарадым
Жүрегіме байлай аламын
Менің бағалым
Қызғалдағы сенсің даланың
Ізгі арманы қара баланың
Арналады саған бар әнім
Менің қалауым.

Ай құсым қалықтаған
Жыр құсым шарықтаған
Сүюден жалықпаған.

Арай таңым шекер балым тәттімсің
Көрмесем көзде сылқым елес
Әнім менің саған айтқан сөзім шын
Сенбеуің бірақ мүмкін емес

Қайырмасы:
Айналайын айдай маралым
Ақ жүзіңе тоймай қарадым
Жүрегіме байлай аламын
Менің бағалым
Қызғалдағы сенсің даланың
Ізгі арманы қара баланың
Арналады саған бар әнім
Менің қалауым.

Ай құсым қалықтаған
Жыр құсым шарықтаған
Сүюден жалықпаған.
Біздің сайттан Нұржан Керменбаев – Айналайын (2019) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Айналайын (2019)» әні Нұржан Керменбаев орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама