Ninety One - Boyman
Трек

Boyman

Тыңдау
Жүктеп
848
Ән мәтін
Ән мәтін: Bala
Кейде көңіл күйге қарамамай
Түрлі түсті әлемді аралайм(ын)
Үлкендер ертегі айтады ұдайы
Кімге сеніп кімнен айналайын
Ааай

Мама мен сиқырға әлі сенгім келед(і)
Мама менің күлкім мен мұңым сенен бөлек
Кімге керек
Бұл өмірдің биік шыңына дейін созылдым мен
Бірақ биіктік өлшенбейді

БОЙМЕН

Bala
Сенгім келед(і) 3x

Zaq
Шыбық ұстап алған самурай
Бақшадан күнде теріп жүред(і) таңқурай
Арман қулайд(ы) біраз қиалдайд(ы)
Бірақ аяз-ата оны жиі алдайд(ы)
Ал қазір қалмад(ы) ертегі оның есін(е) алар
Тек анда-санда тасбақа ниньдзялар
Ол қиял қоймаған әлі жас ересек
Тек шыбықтың орнына қазір желбезектер

Alem
Бүлінген білім бәрінен зиян
Біреуге мүмкіндік біреуге қиял
Көп нәрсемен келісе алмай
Естілмед(і) бір баланың айқайы

Ace
Ай-ай солай-ай

Alem
Е
Мама мен сиқырға әлі сенгім келед(і)
Мама менің күлкім мен мұңым сенен бөлек
Кімге керек
Бұл өмірдің биік шыңына дейін созылдым мен
Ал биіктік өлшенбейді

БОЙМЕН

Alem
Сенгім келед(і)3x

Az
Йоу
Алма кетті домалап
Жер тегіс емес домалақ
Кейде бала болып ойнағым келед(і)
Жерге жатып алып жорғалап
Күн өтпей шығып кетеді мұртым
Сағындым нағашы мамамның құртын
Ал қазір бәрін істеп үлгеруім керек
Әзірге жоқта қайын жұртым

Ace
Мен өскен сайын ішімнен жылайм(ын)
Кімнің жаны кедей сол зұлымға бай
Мама мен сиқырға әлі сенгім келед(і)
Мама бұлттар төнсе кімгеде бар себеп
Біздің сайттан Ninety One – Boyman әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Boyman» әні Ninety One орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама