Ninety One - OTTEGI
Трек

OTTEGI

Тыңдау
Жүктеп
96
Ән мәтін
Ән мәтін: Сабырға бағындырайық өкпені
Осы сәтте ең керегі оттегі
Өйткені
Сенің үнсіздігің ең қиын белгі
Оданда қинамай отқа жақ мені
Өйткені

Сенің көзіңдегі бейне
Мен емеспін бе
Жоқпын ол жерде
Сенің жазған әңгімеңде
Соңына жетпей өлдім бе

Бұлай құлай беру
Ол шайқаспай ақ шегіну
Бірге бір тағдырдан
Таза жеңілу
Бұлай аяқталу
Өзара жарақат алу
Ешкімді аямайтын
Недеген қару

Ең ауыры өкпе емес оттегі
Ең қажетті жерге мүлде жетпеді
Өйткені
Барлығына кінәлісің деп мені
Жүрекке мәңгілік тұтқын еткені
Өйткені

Өзім таңдаған дүние
Мен кірген сәтте
Айналды күлге
Өзім жазған әңгімемде
Соңына жетпей өлдім бе

Бұлай құлай беру
Ол шайқаспай ақ шегіну
Бірге бір тағдырдан
Таза жеңілу
Бұлай аяқталу
Өзара жарақат алу
Ешкімді аямайтын
Недеген қару
Біздің сайттан Ninety One – OTTEGI әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «OTTEGI» әні Ninety One орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама