Нұр Мұқасан - Бәрінен де сен сұлу
Трек

Бәрінен де сен сұлу

Тыңдау
Жүктеп
438
Ән мәтін
Ән мәтін: Жаз күнінде жайнаған
Масатыдай жер сұлу.
Аққу, қаздар тойлаған
Айдын шалқар көл сұлу.

Қайырмасы:
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан
Бәрінен де сен сұлу.

Нұрын төккен қырмызы
Аспандағы күн сұлу.
Жымың қаққан жұлдызы
Айлы кеште түн сұлу.

Қайырмасы.

Тәрбиелі, тамаша
Бал мінезді жар сұлу.
Таңданарлық қараса
Талай абзал бар сұлу.
Біздің сайттан Нұр Мұқасан – Бәрінен де сен сұлу әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Бәрінен де сен сұлу» әні Нұр Мұқасан орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама