Нұрбол Жорабеков - Құдалар
Трек

Құдалар

Тыңдау
Жүктеп
246
Ән мәтін
Ән мәтін: Құдалықты қазақ ғажап салтына балар,
Шашу шашып алтын аналар.
Екі жастың арқасы ғой ел таныстырып,
Құдаластық төс қағыстырып.

Қайырмасы:
Қош келдіңдер, құдаларым,
Табылады сұрағаның,
Орындалар осы тойда барлық қалауың…

Көңілдерің құдаларым,
Көтерілсе қуанамын,
Қыздырыңдар ән-жырменен тойдың алаңын.

Жақын жанға айналармыз туыс-бауырдай,
Құдаларым — ырыс-бағымдай.
Сыйласайық, сырласайық серттен жаңылмай,
Ортаға кел, көктем таңындай!
Біздің сайттан Нұрбол Жорабеков – Құдалар әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Құдалар» әні Нұрбол Жорабеков орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама