Нұрболат Абдуллин - Әкелердің орны бөлек
Трек

Әкелердің орны бөлек

Тыңдау
Жүктеп
476
Ән мәтін
Ән мәтін: Әкелердің бөлек екен толғасы
Анамыздың жанашыры сырласы
Біздер үшін көп қиындық көрсе де
Көздерінен білінбейді мұң жасы
Біздер үшін көп қиындық көрсе де
Көздерінен білінбейді мұң жасы

Әкелердің бөлек екен намысы
Үйден шықса түздің болар тағысы
Сынаққа да сүрінбеуді үйретер
Бұлтты күндей күркіреген дауысы
Сынаққа да сүрінбеуді үйретер
Бұлтты күндей күркіреген дауысы

Әкелердің бөлек екен тілегі
Тілегінен байқалады жүрегі
Жұдырықтай жүрегіне сыйып тұр
Жау қайтарған бабалардың жігері
Жұдырықтай жүрегіне сыйып тұр
Жау қайтарған бабалардың жігері

Әкелердің орны бөлек расында
Оған жетпес ешбір байлық асылда
Бар кезінде бағалайық құрметтеп
Мәңгі бақи жүре бермес қасыңда
Бар кезінде бағалайық құрметтеп
Мәңгі бақи жүре бермес қасыңда
Біздің сайттан Нұрболат Абдуллин – Әкелердің орны бөлек әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Әкелердің орны бөлек» әні Нұрболат Абдуллин орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама