Нұркеш Жалғасбай - Бақ
Трек

Бақ

Тыңдау
Жүктеп
227
Ән мәтін
Ән мәтін: Жығылсаңда көк мұзға
Көңіліңді көп бұзба!
Біз әу баста өмірге
Жылап келген жоқпызба?
Қымбат үйің бағалы ас
Сұрағаның жарамас
Келгеніңді ұмытпа!
Бұл өмірге жалаңаш

Қайырмасы:
Бұйырған бақ кетпейді
Кімдер қайғы шекпейді
Жетпейтін қу дүние
Ешкімге де жетпейді
Иманыңа берік бол
Алла бәрін реттейді
Қалған майда-шүйделер
Ештеңеде етпейді

Бақ қосылып бағыңа
Шуақ сыйлап жаныңа
Сабыр етіп жоғыңа
Тәубе десең барыңа
Ой салмасын әр бәле
Көңіл көтер ал қане
Мәңгі шаттық жоқ дейсің
Мәңгі қайғы барма не?
Біздің сайттан Нұркеш Жалғасбай – Бақ әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Бақ» әні Нұркеш Жалғасбай орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама