Нурлан Онербаев - Ана туралы жыр
Трек

Ана туралы жыр

Тыңдау
Жүктеп
586
Ән мәтін
Ән мәтін: Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Қайырмасы.

Ете гөр қанағат,
Әзірге берерім –
Балалық махаббат.
Балалық жүрегім.
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар.
Өзіңе арнаған,
Әнімді қосып ал.
Қайырмасы.
Біздің сайттан Нурлан Онербаев – Ана туралы жыр әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Ана туралы жыр» әні Нурлан Онербаев орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама