Нұржан Керменбаев - Өзіңді аңсап
Трек

Өзіңді аңсап

Тыңдау
Жүктеп
2
Ән мәтін
Ән мәтін: Өзіңді аңсап өтеді көктем, өтер күз
Аңсаумен өткен өмірге мынау не етерміз
Көрсем деп шіркін іздеген мәңгі бір-бірін
Көк аспандағы ай менен күндей екенбіз

Қайырмасы:
Жаным-ау менің жағаға таққан тұмарсың
Жалғанда жалғыз, жабығып жүрген шығарсың
Ұнарсың талай бір көрген жанға ұнарсың
Өмірде бірақ өзіме ғана сыңарсың

Көркемім сені көрсем де жақсы өзгеден
Қиналдым соны айта алмай саған сөзбенен
Сен туған ауыл, ел-жұртың неткен бақытты
Өзіңді күнде жүретін көріп көзбенен

Қайырмасы:
Жаным-ау менің жағаға таққан тұмарсың
Жалғанда жалғыз, жабығып жүрген шығарсың
Ұнарсың талай бір көрген жанға ұнарсың
Өмірде бірақ өзіме ғана сыңарсың
Біздің сайттан Нұржан Керменбаев – Өзіңді аңсап әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Өзіңді аңсап» әні Нұржан Керменбаев орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама