Өмірқұл Айниязов - Нағыз қазақтың ұлымын
Трек

Нағыз қазақтың ұлымын

Тыңдау
Жүктеп
201
Ән мәтін
Ән мәтін: Бағында бұлбұл сайрап гүл көктеген
Көркіне даласының тіл жетпеген
Ақ туын адалдықтың кірлетпеген
Нағыз қазақтың ұлымын
Көзінен мейірімді нұр кетпеген
Көңілін жақынының мұң етпеген
Анасын жұмағым деп құрметтеген
Нағыз қазақтың ұлымын

Қайырмасы
Байтақ далам менің құтты қазынам
Қазақ халқы тұғырым
Ар намысты артық қойған жанынан
Нағыз қазақтың ұлымын

Шыңдары бұл ғаламды зеңбір еткен
Жырларды тыңдағанды елжіреткен
Пейілін ақ бұлақтай мөлдіреткен
Нағыз қазақтың ұлымын
Көкпары серке таққан көк білектен
Досына құшақ ашқан кең жүрекпен
Биікте көк байрағын желбіреткен
Нағыз қазақтың ұлымын

Қайырмасы
Байтақ далам менің құтты қазынам
Қазақ халқы тұғырым
Ар намысты артық қойған жанынан
Нағыз қазақтың ұлымын
Біздің сайттан Өмірқұл Айниязов – Нағыз қазақтың ұлымын әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Нағыз қазақтың ұлымын» әні Өмірқұл Айниязов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама