Sadraddin - Menin adamym
Трек

Menin adamym

Тыңдау
Жүктеп
40
Ән мәтін
Ән мәтін: Саған ғана шынайымын
Шын күлгенім, мұңаюым
Бір өзіңмен өзімді бар сезіндім
Жылуынан айналдым әр сезіңнің
Адалым-ау, жанымда қалшы өзімнің

Жақыным, менің жаным, менің адамым
Ішінен мың сұлудың сені қаладым
Өзгеге мықтымын да
Өзіңнен ғана жеңіле аламын

Сендей жанды енді маған тәңір бермейді
Бір сөзің жүректегі бар мұңды емдейді
Мен сенен айырылып қалғым келмейді
Қалғым келмейді
Қалғым келмейді

Сен болмасаң, атпайды күн келесі
Сағыныштың бітпейді түнгі елесі
Бар нәрсенің жетпейді бірдеңесі, бірдеңесі

Сен болмасаң, болмайды тәбетім де
Барсың тіпті мінезім, әдетімде
Жарығым-ау, жаралған жар етуге, жар етуге

Жақыным, менің жаным, менің адамым
Ішінен мың сұлудың сені қаладым
Өзгеге мықтымын да
Өзіңнен ғана жеңіле аламын

Сендей жанды енді маған тәңір бермейді
Бір сөзің жүректегі бар мұңды емдейді
Мен сенен айырылып қалғым келмейді
Қалғым келмейді
Қалғым келмейді
Біздің сайттан Sadraddin – Menin adamym әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Menin adamym» әні Sadraddin орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама