Сәкен Қалымов - Махаббат мангі ертегі
Трек

Махаббат мангі ертегі

Тыңдау
Жүктеп
388
Ән мәтін
Ән мәтін: Махаббат деген қандай-ды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай,
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды...


Қайырмасы:
Ғашықсыз өмір – өмір ме,
Егілме, жаным, егілме.
Көктегі күнге қол созған,
Не дерсің мынау,
Не дерсің мынау көңілге?


Күлерсің-дағы жыларсың,
Жыларсың-дағы шыдарсың.
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен,

Жаным-ау кімнен сұрарсың?


Махаббат – өмір ғажабы,
Алқызыл гүлдей ажары.
Сүйемін деген жалғыз сөз
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.



Қайырмасы:
Махаббат – мәңгі ертегі,
Көңілдің күйін шертеді.
Ертіп жүрсең, шіркін-ай,
Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені.
Біздің сайттан Сәкен Қалымов – Махаббат мангі ертегі әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Махаббат мангі ертегі» әні Сәкен Қалымов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама