SANZHAR - Everest
Трек

Everest

Тыңдау
Жүктеп
0
Ән мәтін
Ән мәтін: Махаббатқа сенбеуші едім негізі
Кездескенше жүрегімнің егізі
Әлі есімде 23-тің үшінші айы
Әлі есімде сол айдың сегізі

Сезімім мөлшерден асып кетеді
Көлеммен айтқанда тасып кетеді
Ең үлкен мұхит пен ең үлкен теңіз

Еркеме жете алмайм райымнан қайтсам
Бәрінен биікте метрмен
Айтсам
8848

Саған деген сезімім Эвересттің шыңында
Махаббаттың биігін бағындырдың шынында
Ол жерде ешкім болып көрмеп еді бұрында
Сен ғанасың шынында

Сезімім саған шыңдардың да шыңында
Сен үшін дайын бұлттардан да биік тұруға
Мұздарым еріп тоңған жүрегім де жылуда
Жылуыңмен жылуда

Егерде мен саған қаласам жетуді
Уақытта ұмытып кетеді өтуді
Бұл махаббат емес мұқтаждық секілді

Ханшадай кемінде
Өмірің сеніңде
Болады бәрі өзі реттеліп ретімен

Әр серуен
Ақшам азаяд
Бірақ берекем менің көбейтілед екіге

Өмірде бес нәрседен қашықпын
Түсінгенім саған ғана шын ғашықпын
Жүрегіңнің іздерімен шыңға шықтым
Шыңға шықтым

Саған деген сезімім Эвересттің шыңында
Махаббаттың биігін бағындырдың шынында
Ол жерде ешкім болып көрмеп еді бұрында
Сен ғанасың шынында

Сезімім саған шыңдардың да шыңында
Сен үшін дайын бұлттардан да биік тұруға
Мұздарым еріп тоңған жүрегім де жылуда
Жылуыңмен жылуда
Бізде сіз SANZHAR - Everest әнін mp3 форматында телефоныңызға немесе компьютеріңізге жүктей аласыз, жақсы сапада тегін және тіркеусіз тыңдай аласыз.
Song cover Song cover

Топтама