Сатыбалды Мағжан - Аман болса екен
Трек

Аман болса екен

Тыңдау
Жүктеп
0
Ән мәтін
Ән мәтін: Ішінде ақсақалды аталары бар
Және де ақжаулықты апалары бар
Жаратқан жар болсын деп алақан жайып
Әумин деп беретұғын баталары бар

Асқартау әкелермен аналары бар
Бой түзеп, жол көрсетер ағалары бар
Су сұраса, сүт беретін Жеңгелері бар
Қызметі ел алдында бағаланылар

Әрдайым тыныштықта заман болса екен
Ішкен ас еткен еңбек адал болса екен
Әр тойды көтеретін ағайын туыс
Аман болса екен

Тілекші әпкелермен жезделері бар
Әрдайым той-жиынға кез келеді дәл
Ізетті көрсететін інілері бар
Әулеттің көркі болған келіндері бар

Аз уақыт көрмей қалса сағынатұғын
Әулеттің үлкеніне бағынатұғын
Ағайын туысымыз аман жүрсе екен
Әр сәтте жанымыздан табылатұғын
Біздің сайттан Сатыбалды Мағжан – Аман болса екен әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Аман болса екен» әні Сатыбалды Мағжан орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама