Серік Ибрагимов - Жаздың кеші
Трек

Жаздың кеші

Тыңдау
Жүктеп
27
Ән мәтін
Ән мәтін: 1. Қоңыр салқын жаздың кеші
Бір сезім ала келді…
Ай сәулесі, бұлттар көші
Сені еске сала берді!..

Бридж:

Қаламенен
Жүрсем де өзіңді іздеп қала берем
Сен болып көрінеді маған әлем
Енді оны жасыра алмаймын!..

Қ/сы:

Жаңбырлы жаздың кеші, жаздың кеші!..
Шын сүюге мәжбүрлеші!..
Ешбір жан сезінбеген сезімдерге
Куә болшы жаздың кеші!..
Махаббатым, махаббатым
Сен де мені сүйем деші…

2. Қоштасарда жан ауырды…
Жанарың мөлдірленді…
Мөлдіреген жанарыңды
Тағы да көргім келді!..

Даламенен
Жүрсем де өзіңді еске ала берем
Алауым басылмайды ау саған деген
Енді оны жасыра алмаймын!..
Біздің сайттан Серік Ибрагимов – Жаздың кеші әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Жаздың кеші» әні Серік Ибрагимов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама