Ән мәтін
Ән мәтін:
Тасты жарар шегедей боп
Желді бұзар жебедей боп
Жүйріктер тұр-дара маңдайлы
Көк аспанды күркіретіп
Жұмыр жерді дүркіретіп
Ал басталды-Аламан бәйгі
Шап енді шап жеке дара
Саған жүйрік жете ала ма?
Оқтай озып ойнақташы
Сөре мәре екі арада
Шап енді шап шалқұйрығым
Жел тараған жал құйрығын
Тарих жазып тұяғыңмен
Аңыз болсын әр қимылың
Қымыз қанды,жылқы жанды
Жаса қазақ-ұлты мәңгі
Бәйге десе өлермендерім
Шабандоздар мұрагерлер
Аттың бәрі құлагерлер
Ақан сынды көрермендерім
Желді бұзар жебедей боп
Жүйріктер тұр-дара маңдайлы
Көк аспанды күркіретіп
Жұмыр жерді дүркіретіп
Ал басталды-Аламан бәйгі
Шап енді шап жеке дара
Саған жүйрік жете ала ма?
Оқтай озып ойнақташы
Сөре мәре екі арада
Шап енді шап шалқұйрығым
Жел тараған жал құйрығын
Тарих жазып тұяғыңмен
Аңыз болсын әр қимылың
Қымыз қанды,жылқы жанды
Жаса қазақ-ұлты мәңгі
Бәйге десе өлермендерім
Шабандоздар мұрагерлер
Аттың бәрі құлагерлер
Ақан сынды көрермендерім