Төреғали Төреәлі - Айна (2018)
Трек

Айна (2018)

Тыңдау
Жүктеп
1.2K
Ән мәтін
Ән мәтін: Қазағым бар қаймана, байтағым бар,
Қызылорда, Байқоңыр бар.
Өткен күнді демеймін, қайтарыңдар,
Өз-өзіме айтарым бар.
Қарап едім айнаға,
Ер жетіпсің ай-бала.
Азаматқа айнала ғой!

[Қайырмасы]
Той еместі тойлама,
Ой еместі ойлама!
Ерке бала емессің,
Енді қызбен ойнама!
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Дұшпаныңа бойлама, сееен!
Неше түрлі бай қала,
Аспан да кең, айдала.
Бәрі сенің еншіңде,
Жарата біл пайдаңа.
Уақытыңды өткізіп,
Бақытыңды байлама сен!

Болар бола он бесте бас болады,
Темірқазық жастанады.
Ақыл-білім болмаса, тас қамалы,
Ер елуде жас болады.
Қарап едім айнаға,
Ер жетіпсің ай-бала.
Азаматқа айнала ғой!

[Қайырмасы]
Той еместі тойлама,
Ой еместі ойлама!
Ерке бала емессің,
Енді қызбен ойнама!
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Дұшпаныңа бойлама, сееен!
Неше түрлі бай қала,
Аспан да кең, айдала.
Бәрі сенің еншіңде,
Жарата біл пайдаңа.
Уақытыңды өткізіп,
Бақытыңды байлама сен!
Біздің сайттан Төреғали Төреәлі – Айна (2018) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Айна (2018)» әні Төреғали Төреәлі орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама