Тоқтар Серіков - Мойыл көз
Трек

Мойыл көз

Тыңдау
Жүктеп
231
Ән мәтін
Ән мәтін: Мойылкөз



Мойылкөз момын көріктім

Түсімде сені көріппін

Толқыны долы теңіздей

Желкенсіз желде желіктім



Ботадай көзің мөлдіреп

Сағынып жүрек елжіреп

Өзіңді ғана өзіңді

Тұрған ай жаным көргім кеп

Отқада қондым талғамай

Қанатым күйіп қалған ай

Алыстап барад(ы) жастық шақ

Айдан да биік арман-ай



Бермейді тыным жүрегім

Қалың бір ойдан жүдедім

Көктемде шығып күзде өлген

Махаббат қандай гүл едің



Кездер ай қайтып келмейтін

Арман ай ерік бермейтін

Өткен шақ сенің еншіңе

Арнадым өлең өлмейтін
Біздің сайттан Тоқтар Серіков – Мойыл көз әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Мойыл көз» әні Тоқтар Серіков орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама