Тоқтар Серіков - Сыған серенадасы
Трек

Сыған серенадасы

Тыңдау
Жүктеп
835
Ән мәтін
Ән мәтін: Тулаған қаны бар
Тұлпар да табылар,
Үміт болса;
Күн туса басыңа,
Мойыма, жасыма,
Жігіт болсаң!

Қайырмасы:
Толқысын шартарап, тасышы, тебіренші,
О, гитара!
Ей, жан серігім,
Төгілсін күй тарап!
Жаның тарықпасын,
Ән қалықтасын!
Қайран басың, ғаріп басың,
Көзіңді жұмбай қамықпасын.

Қайнаған қаны бар
Қалыңдық табылар.
Үміт болса;
Шаттықты уыстан
Шығарма, туысқан,
Жігіт болсаң!

Қайырмасы.

Сәні бар, әні бар
Дәулет те табылар.
Үміт болса;
Досыңа, ғашыққа
Бәрін де шашып бақ,
Жігіт болсаң!
Біздің сайттан Тоқтар Серіков – Сыған серенадасы әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Сыған серенадасы» әні Тоқтар Серіков орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама