Төреғали Төреәлі - Көк көйлек кимеңдерші арулар
Трек

Көк көйлек кимеңдерші арулар

Тыңдау
Жүктеп
857
Ән мәтін
Ән мәтін: Көк аспан Көктебеде көк көйлек
Ойлап ем басқа қонған бақ қой деп
Тербейді оңашада қалғанда
Сен жайлы тәтті ой келіп

Қайырмасы:
Нөсерлі төкпеңдерші жауындар
Бұлдырап кетпеңдерші сағымдар
Есіме сала беріп сол қызды
Көк көйлек кимеңдерші арулар

Көргенде алғышқы әрі соңғы рет
Қарадым қайта-қайта мөлдіреп
Көк көйлек көк туындай сол жақтың
Жадымда қалып қойды-ау желбіреп

Қайырмасы:
Нөсерлі төкпеңдерші жауындар
Бұлдырап кетпеңдерші сағымдар
Есіме сала беріп сол қызды
Көк көйлек кимеңдерші арулар

Бұл әнді шығарғандағы мақсат
Тыңдарсың бір күндері құлақ салып
Көк көйлек киген ару көзіме
Көрінсе жетер еді бір-ақ сәт
Біздің сайттан Төреғали Төреәлі – Көк көйлек кимеңдерші арулар әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Көк көйлек кимеңдерші арулар» әні Төреғали Төреәлі орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама