Қуандық Рахым & Арай Серікхан - Мен сені құлай сүйдім (2018)
Трек

Мен сені құлай сүйдім (2018)

Тыңдау
Жүктеп
1.6K
Ән мәтін
Ән мәтін:
Ол күндер арман бұл күнде,

Қауызын жарған гүл-сезім.

Мазалап қазір жүр мүлде,

Айтпаған сонда бір сөзім.

Айтпаған сонда бір сөзім...



Қайырмасы:

Кездескен сәтті сый көрдім,

Қоштассам, мұнлы күйге ендім.

Жанғанмын солай, күйгенмін,

Мен сені құлай сүйгенмін.

Мен сені құлай,

Мен сені құлай,

Мен сені құлай сүйгенмін...



Жаныма нұрын төгетін,

Көктемдей дара шұғылам.

Өзімді көргім келетін,

Көзіңнің қарашығынан.

Көзіңнің қарашығынан...



Қайырмасы:

Кездескен сәтті сый көрдім,

Қоштассам, мұнлы күйге ендім.

Жанғанмын солай, күйгенмін,

Мен сені құлай сүйгенмін.

Мен сені құлай,

Мен сені құлай,

Мен сені құлай сүйгенмін...



Босағасына іргеңнің,

Келмейтініңді білгенмін.

Айтуға бірақ имендім,

Сонда да құлай сүйгенмін.

Мен сені құлай,

Мен сені құлай,

Мен сені құлай сүйгенмін... -
Біздің сайттан Қуандық Рахым & Арай Серікхан – Мен сені құлай сүйдім (2018) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Мен сені құлай сүйдім (2018)» әні Қуандық Рахым & Арай Серікхан орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама