Қуандық Рахым - Бала махаббаты (2018)
Трек

Бала махаббаты (2018)

Тыңдау
Жүктеп
2.7K
Ән мәтін
Ән мәтін: Сағадат Ермекқалиұлы Мәжит (7071238898 - @sagadatmazhit)

Әні: Қонысбай Әбілов
Сөзі: Тұрғали Жетесов

Туғаннан құлыным деп аймалаған,
Өзіңдей абзал ана қайда маған?
Дүние аналармен көрікті ғой,
Анасыз бұлбұл құс та сайрамаған.

Қайырмасы:
Көз ілмей түн қатқан,
Жаным деп үн қатқан.
Аялап баласын,
Мәпелеп өсірген.
Мың алғыс анашым!

Анасыз керек емес тақ та маған,
Адам ба ана сүтін ақтамаған?
Перзент боп жер бетінде жүрмесін,
Анаға махаббатын сақтамаған.

Қайырмасы:
Көз ілмей түн қатқан,
Жаным деп үн қатқан.
Аялап баласын,
Мәпелеп өсірген,
Мың алғыс анашым!
Бізде сіз Қуандық Рахым - Бала махаббаты (2018) әнін mp3 форматында телефоныңызға немесе компьютеріңізге жүктей аласыз, жақсы сапада тегін және тіркеусіз тыңдай аласыз.
Song cover Song cover

Топтама