Жандос Әлім - Қонақ болып үйіме кел
Жандос Әлім - Қонақ болып үйіме кел
Тыңдау
232
Трек

Қонақ болып үйіме кел

Жандос Әлім
Орындаушылар
Ән мәтін
Ән мәтін: Қонақ

Дайын елміз келген жанды сыйлауға,
Құмар елміз жайсаңдарды жинауға.
Жиі-жиі бас қоссақ та туыспен,
Тоя алмаймыз көріскенде дидарға.
Дархан ұлтпыз туыс түгіл басқаны,
Асығатын үйге кел деп қинауға.
Қонақ келсе құт келді деп қазағым,
Ақ дастархан жая білген мейманға.

Қайырмасы:

Қонақ болып бүгін менің үйіме келші,
Ақ көңілмен мен жасаған сыйымды көрші.
Қуанышқа шын қуанып сүйіне берші,
Мерекелі-берекелі жиынды көрші.


Төрлет дейміз есік қаққан адамға,
Дәл осылай құшақ жайған бабам да.
Босағадан қайтармаймыз ешкімді,
Табылады төрден орын саған да.
Таспен ұрмай, аспен сыйлай білеміз,
Қарамаймыз жақсы ма ол, жаман ба.
Меймандарын қазағымдай қарсы алған,
Басқа халық бар ма екен бұл ғаламда.
Song cover Song cover

Топтама