Жолдасбек Абдиханов - Қазақша сөйлемейтін қыз (2018)
Трек

Қазақша сөйлемейтін қыз (2018)

Тыңдау
Жүктеп
408
Ән мәтін
Ән мәтін: Ей сұлу қыз еркем едің көркем едің неден
Айып емес ажарыңды ай мен күнге теңеген
Жақын келіп танысуға болама дене ем
Селт еттім ау сөзіңізден не поняла че деген

Қайырмасы
Ойымды жеткізе алмадым
Бақытты бейнелейтін қыз
Сөзіңді өткізе алмадым
Қазақша сөйлемейтін қыз
Қазақша оқымағансың
Оныңа өкіне аларсың
Сөзіммен айталмағаннан соң
Көзімнен оқып аларсың

Көзімдегі сезімдерді оқып іштей тұнарсың
Сен мен үшін даусым жетпес өте биік бір әнсің
Ғашық тілі тілсіз деген Абай сөзін ұғарсың
Әй сен бірақ Абайды да оқымаған шығарсың

Қайырмасы
Ойымды жеткізе алмадым
Бақытты бейнелейтін қыз
Сөзіңді өткізе алмадым
Қазақша сөйлемейтін қыз
Қазақша оқымағансың
Оныңа өкіне аларсың
Сөзіммен айталмағаннан соң
Көзімнен оқып аларсың
Біздің сайттан Жолдасбек Абдиханов – Қазақша сөйлемейтін қыз (2018) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Қазақша сөйлемейтін қыз (2018)» әні Жолдасбек Абдиханов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама