Жолдасбек Абдиханов - Біз екеуміз бір адамбыз
Трек

Біз екеуміз бір адамбыз

Тыңдау
Жүктеп
553
Ән мәтін
Ән мәтін: Біз екеуміз бір адамбыз
Туылған екі анадан
Сүйемін ақ сезіммен
Шығатын шекарадан
Жер жүзін жеті ораған
Сен болмасаң жарығым-ау
Жабырқап жеке қалам
Кетпеші алыстарға
Керексің өте маған
Керексіз бөтен адам.

[Қайырмасы]
Жаным, жаным
Жанымның ауырғанын
Жаныңмен қабылдадың
Тіл қат маған
Жаным, жаным
Жаныңда жалындадым
Жанымнан табылғаның
Қымбат маған

Сен жадырап жүрсең болды
Жанымда есен-аман
Басыңа күн туса да
Басымда қате қадам
Барлығын көтере алам
Мен өзіңді бір күндері
Үйіме әкеп алам
Келіннің шәйін ішіп
Қуансын әкем-анам
Батылым жетеді оған

[Қайырмасы]
Жаным, жаным
Жанымның ауырғанын
Жаныңмен қабылдадың
Тіл қат маған
Жаным, жаным
Жаныңда жалындадым
Жанымнан табылғаның
Қымбат маған
Біздің сайттан Жолдасбек Абдиханов – Біз екеуміз бір адамбыз әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Біз екеуміз бір адамбыз» әні Жолдасбек Абдиханов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама