Жолдасбек Абдиханов - Бакытты деп ойласын (2015)
Трек

Бакытты деп ойласын (2015)

Тыңдау
Жүктеп
537
Ән мәтін
Ән мәтін: Қайдасың?
Тағдыр бізден асырды ма айласын?
Көз жасыңды көрсетпеші, көрсетпе...
Бізді бәрі бакытты деп ойласын.

Ардақтым,
Гүлі сендей бола алмаған әр бақтың.
Сені қатты сағындым ғой мен бүгін,
Ұмыттым деп өзімді өзім алдаппын.

Алдаппын,
Жұбатам деп жүрегімді жаураттым,
Қанатымды саған қарай сан қақтым,
Жүрегіңді алған екен жаулап кім?

Сағынам,
Даусын кейде құлағыма естіліп,
Сен кеткелі жүре алмадым еш күліп,
Кешіктім бе қадіріңді кеш біліп?!

Кеш біліп
Сүйгенім сен екеніңді, мұңданам
Әй, махаббат жарамды кеп тырнаған.
Жұбатушы болады енді кім маған?

Өкінем,
Өртенемін қызғаныштың отымен.
Сағындырмай мына байқұс жүректі,
Тым болмаса бір көрінші өтінем?

Өтінем,
Бір көрінші, бір көрінші соңғы рет,
Мен сол жерде қап кетейін елжіреп,
Жасқа толы жанарыммен мөлдіреп.

Сен едің
Тағдырымды, әр күнімді гүл еткен,
Сағындым ғой қаншама ай, жыл өткен,
Сағынбасам ән тумайды жүректен...
Біздің сайттан Жолдасбек Абдиханов – Бакытты деп ойласын (2015) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Бакытты деп ойласын (2015)» әні Жолдасбек Абдиханов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама