Zhuldyz Sen - Suraqtar
Трек

Suraqtar

Тыңдау
Жүктеп
1
Ән мәтін
Ән мәтін: suraqtar

Verse 1:
Есіңдеме сол бір күн
Әрбір сәтке қуанған
Ойларыммен алысқан
Жан сыр едің

Ал енді сен тым бөлек
Таба алмаспын жауабын
Көтеріп талай сынды
Қалдық үнсіз

Айналды бұлыңғыр түсіме
Бар үнді салдым, бір жүрекке

Алдын ала жазылған ертегі
Қалағаныңдай болмады
Күмән туындады

Chorus:
Толған, толған сұрақтар ойда
Кезекті күн тұрақты жылда
Таба алмаспын сол бір жанды
Сені

Verse 2:
Тым ерте бітті ме?
Қалай?
Бұлай-оңай
Беріле салдың

Жоғалғанда енді
Себеп керек емес
Керек емес

Bridge:
Адастырып тағдырды
Себептермен сан түрлі
Ал енді, бәрі қалды елестей
Дым болмағандай.

Ойларыңмен сан қилы
Келістім мен баршаға
Сонда да айыпқа қалдырдың-ай

Chorus:
Толған толған сұрақтар ойда
Кезекті күн, тұрақты жылда
Таба алмадым сол бір жанды
Сені
Біздің сайттан Zhuldyz Sen – Suraqtar әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Suraqtar» әні Zhuldyz Sen орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама