Жыр Думан тобы - Жалғыз гүл
Трек

Жалғыз гүл

Тыңдау
Жүктеп
1K
Ән мәтін
Ән мәтін: Қиылып басқан жолыңа, қызыл гүл болып жайнасам,
Сол жүрген гүлдер тауында, бозторғай болып сайрасам.
Шығар ма едің алдымнан?!
Жетер ме едім ардағым?!

Жалғыз гүл бар, бар, бар - арасында гүлімнің,
Жалғыз із бір, бір, бір - тереңінде жүректің.
Екеуін тең, тең, тең - бір өзіңе арнағам,
Әр кез сенің, сенің ішкі отыңа жалғанам. (2х)

Гүлдің маған қызылы жоқ,
Сен оны өсірмесең.
Жаным, маған керегі жоқ,
Назданып, сүйдірмесең.
Шығар ма едің алдымнан?!
Жетер ме едім арманым?!

Жалғыз гүл бар, бар, бар - арасында гүлімнің,
Жалғыз із бір, бір, бір - тереңінде жүректің.
Екеуін тең, тең, тең - бір өзіңе арнағам,
Әр кез сенің, сенің ішкі отыңа жалғанам. (2х)

Шығар ма едің арманым?!
Жетер ме едім ардағым?!

Жалғыз гүл бар, бар, бар - арасында гүлімнің,
Жалғыз із бір, бір, бір - тереңінде жүректің.
Екеуін тең, тең, тең - бір өзіңе арнағам,
Әр кез сенің, сенің ішкі отыңа жалғанам.

Жүрегімді жауласаң,
Қызыл гүлді сыйлармын.
Жүрегімді жауласаң,
Жалғыз гүлім боларсың!
Біздің сайттан Жыр Думан тобы – Жалғыз гүл әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Жалғыз гүл» әні Жыр Думан тобы орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама