Айқын Төлепберген - Сені сағындым (2017)
Трек

Сені сағындым (2017)

Тыңдау
Жүктеп
955
Ән мәтін
Ән мәтін: Түсінбесең де, сырын жанымның
Құлазып жиі сені сағындым
Болсыншы деп ем, гүлі бағымның
Шолпаны жалғыз атар таңымның
Неліктен тосын серттен жаңылдың
Ақұрып жиі сені сағындым
Болар ау деп ем, гүлі бағымның
Басқа сезімге бірақ бағындың
...қ-сы...
Деуші едің ғой, "сенің пəгіңмін"
Өкініш өртеп сені сағындым
Аттыра алмай таң, түндер сабылдым
Жарығы сөніп, үміт шамымның
Кімдер силаған сырға тағындың?
Қызғаныш лаулап сені сағындым
Жалғыз құлазып жүрмін жаным мұң
Болшы нұры сен, атар таңымның
Басқа сезімге бірақ бағындың
Сағыныш деген ғажап сағымның
Еркіне бойлап сені сағындым
Келтірер сенсіз өмір мəнін кім?
Тынысы екенсің менің жанымның
Күтумен сені ұзақ сарылдым
Сабырым жеңіп сені сағындым
Атар таңыңмын, сенің бағыңмын
Жылыншы келіп, өртпін, жалынмын
...қ-сы...
Деуші едің ғой, сенің пəгіңмін
Өкініш өртеп сені сағындым
Аттыра алмай таң, түндер сабылдым
Жарығы сөніп, үміт шамымның
Кімдер силаған сырға тағындың?
Қызғаныш лаулап сені сағындым
Жалғыз құлазып жүрмін жаным мұң
Болшы нұры сен, атар таңымның
Басқа сезімге бірақ бағындың
...Соңы...
By gk
Біздің сайттан Айқын Төлепберген – Сені сағындым (2017) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Сені сағындым (2017)» әні Айқын Төлепберген орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама