Арайлым Әбілсейіт - Неке жүзік
Трек

Неке жүзік

Тыңдау
Жүктеп
16
Ән мәтін
Ән мәтін: 1) Жанарымның жарқылы,
Бақытымның бақшасы,
Тағдырымның тартуы,
Жүрегімнің патшасы!

Сен болмасаң өмір де
Жанымды жалықтырған!
Шүкір етем Тәңірге
Өзіңді жолықтырған…

Қ/сы:

Бақыттымын жаным өзіңменен!
Өмір сүрейін тұп-тұнық көзіңде мен!
Мен саған дейін мұндай шын бақытты сезінбегем❤

Басталады өмір өте қызық!
Махаббат—айдын, кетпейік жеке жүзіп,
Сақталсын мәңгі жаным біздер таққан неке жүзік!..♥

2) Жаным сені көрдім де
Ешбір жанды көрмедім
Махаббатқа сендірген
Ханзадамсың сен менің!..

Арманыма баруға
Шабытты сенен алам
Аман жүрші жанымда
Жүрекке керек адам…
Біздің сайттан Арайлым Әбілсейіт – Неке жүзік әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Неке жүзік» әні Арайлым Әбілсейіт орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама