Әбдіжаппар Әлқожа - Береді Алла (2019)
Трек

Береді Алла (2019)

Тыңдау
Жүктеп
1.8K
Ән мәтін
Ән мәтін: Атақ па саған керегі
Береді Алла береді
Даңқты даңқой боларсың
Ниетің сондай себебі
Өмірден өтіп кетсең де
Дейді жұрт пай-пай ер еді

Ақша ма саған керегі
Береді Алла береді
Соған-ақ қолың сумаңдап
Теңгемен тиын терегі
Бересің жауап сен де ертең
Сұраусыз су жоқ себебі

Сұлу ма саған керегі
Береді Алла береді
Желкілдеп тұрған желегі
Еріп те тұрған емені
Ерінің талай емі еді
Жүзіңнің мұңы болмаса
Ізіңнен мыңы ереді

Өлімге үрке қарайсың
Қойылар соңғы нүкте деп
Нүктенің арғы жағынан
Басқа бір сөйлем күтпе деп
Сүйесің мына өмірді
Бақ керек саған құт керек
Ібіліс салған жолға ерсең
Өмірді мынау той көрсең
Ақыретте саған айтарым
Азаптан басқа түкте жоқ
Біздің сайттан Әбдіжаппар Әлқожа – Береді Алла (2019) әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Береді Алла (2019)» әні Әбдіжаппар Әлқожа орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама