Ernar Aidar - Жанымда қал
Трек

Жанымда қал

Тыңдау
Жүктеп
263
Ән мәтін
Ән мәтін: Сапарлардан оралғанда,
Қолым жетпей көп арманға
Жан жүрегім тоналғанда,
Жанымда бол.
Күте күте түн ауғанша,
Моншақ жасың мұнарланса,
Көп болса да кінем қанша.
Жанымда бол.

Қайырмасы:

Жаным, жанымда қал.
Жаның - нөзік, арың - қамал,
Төңір жазған қабырғам-ау,
Жаным, жаным, жанымда қал.

Жаным, жанымда қал.
Жаның - нөзік, арың - қамал,
Төңір жазған қабырғам-ау,
Жаным, жаным, жанымда қал.

Ерік беріп құр сүлдерге,
Тыным таппай тылсым кеуде,
Үнсіз қалып күрсінгенде
Жанымда бол.
Айтылғанда маған да сын,
Ақтап алсаң адал босым.
Мейлі, мені жамандасын,
Жанымда бол.

Қайырмасы:

Жаным, жанымда қал.
Жаның - нөзік, арың - қамал,
Төңір жазған қабырғам-ау,
Жаным, жаным, жанымда қал.

Жаным, жанымда қал.
Жаның - нөзік, арың - қамал,
Төңір жазған қабырғам-ау,
Жаным, жаным, жанымда қал.

[Lmusic.kz]
Біздің сайттан Ernar Aidar – Жанымда қал әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Жанымда қал» әні Ernar Aidar орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама