Ғалымжан Жолдасбай - Көк мойнақ
Трек

Көк мойнақ

Тыңдау
Жүктеп
7
Ән мәтін
Ән мәтін: Көк мойнақ, көк мойнақ
Көк мойнақ, көк мойнақ

Болмысында болмаса егер ұлы күш
Баптар ма еді тентек бабам қылып іс
Бақ жұлдызы тұяғынан түлейтін
Көкмойнағым - суынтекті құбылыс
Көкмойнағым - суынтекті құбылыс

Жәннәт бағы жоғалтып ап пырағын
Білмей жүр-ау кімнен жоғын сұрарын
Көкмойнағым мекен еткен таңдап ап
Маңғыстаудай жер үстінің жұмағын
Маңғыстаудай жер үстінің жұмағын

Сәйгүліктей сүлік емес сүдіні
Бағзы шақтан жаңғырады дүбірі
Көкмойнағым - будан емес бұлыңғыр
Табиғаттың өзі туған құлыны
Табиғаттың өзі туған құлыны

Бабам мақтан, қылып мәңгі жат арман
Ел аузымен "Адай жылқы" атанған
Көкмойнағым - тоза жаздап тұқымы
Зобалаңнан тірі қалған қаһарман
Зобалаңнан тірі қалған қаһарман

Жәннәт бағы жоғалтып ап пырағын
Білмей жүр-ау кімнен жоғын сұрарын
Көкмойнағым мекен еткен таңдап ап
Маңғыстаудай жер үстінің жұмағын
Маңғыстаудай жер үстінің жұмағын

Көк мойнақ
Біздің сайттан Ғалымжан Жолдасбай – Көк мойнақ әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Көк мойнақ» әні Ғалымжан Жолдасбай орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама