jeltoksan., Hey Monro - Atajurt (Из кф «Лето 1941 года»)
Трек

Atajurt (Из кф «Лето 1941 года»)

Тыңдау
Жүктеп
19
Ән мәтін
Ән мәтін: О, байтақ дала, көрмедің тыныш заманды (М-м-м) Шіліңгір ыстық, сұп-суық айдың нұрында Қайғыдан-мұңнан жердің де жүзі қабарды Сен туып-өскен, бабалар өткен бұрында Қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек Сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп Сағыныш деген сезіммен олар керемет Атажұртпенен қиялда ғана беттесіп Ай-и-и-и-и Ай-и-и-и-и Ай-һай, ай-һай, даридай Күн күйдіргенде дүние тегіс жалындап (Ай) Төгілген қанды сіміріп жатыр айтақыр Жастығын алып жығылып, мәңгі дамылдап Таппады тыным астында айдың қай батыр? (Ай) Таппады тыным астында айдың қай батыр? Кіндіктің қаны киелі нәр деп білемін (М-м-м-м-м) Түйіршігінде – жусанның иісі, анқыған (Ай) Отаның аман – тұрғанда соғып жүрегің Ажал да алыс арайлап атса әр таңың Қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек Сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп Сағыныш деген сезіммен олар керемет Атажұртпенен қиялда ғана беттесіп Ай-и-и-и-и Ай-и-и-и-и Ай-һай, ай-һай, даридай Сан қасіретке қыңқ етпес айдын тақырлар Естіді соңғы есіл бір ердің ұранын Тоқымдай жерін қорғаумен өлген батырлар Астында айдың тапты ғой бақи тұрағын (Ай) Астында айдың тапты ғой бақи тұрағын
Біздің сайттан jeltoksan., Hey Monro – Atajurt (Из кф «Лето 1941 года») әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Atajurt (Из кф «Лето 1941 года»)» әні jeltoksan., Hey Monro орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама