Мадияр Оспанов - Трактор
Мадияр Оспанов - Трактор
Слушать
30
Трек

Трактор

Мадияр Оспанов
Текст песни
Текст песни: Сөзі мен әні: Мадияр Оспанов

1). Мен шаруаның адамы едім қарапайым,
Өзіме енді жұрт назарын қаратайын.
Тракторым — жол көлігім, жан серігім,
Әнге салып, жырға қосып таратайын.

Қ/СЫ:

Тракторым — қырманымда пана болған,
Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.
Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,
Шақырады мынау — қырат, анау — орман.

2). Алыс-жақын мекендерді таңдамаймын,
Ауыр-жеңіл міндеттерді талғамаймын.
Жаяу жүрсем, жалғыз қалсам, жабырқасам,
Көз салам да, қол созамын, армандаймын.

Қ/СЫ:

Тракторым — қырманымда пана болған,
Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.
Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,
Шақырады мынау — қырат, анау — орман.

3). Тракторшы болғаныма «тәубә» етемін,
Жақын тартам моторыңдай жан бөтенін.
Бар ма бақыт, жанға жақұт сенен асқан,
Сол үшін мен, сені жырлап мәңгі өтемін.

Қ/СЫ:

Тракторым — қырманымда пана болған,
Айнымайсың сап келгенде дара жолдан.
Мезгіл сайын сен тұрғанда мойын бұрып,
Шақырады мынау — қырат, анау — орман.
Song cover Song cover

Текущий плейлист