Нурлан Онербаев - Кешіктің неге сен
Трек

Кешіктің неге сен

Тыңдау
Жүктеп
22
Ән мәтін
Ән мәтін: Кешіктің неге сен
Әні мен сөзі:
Қажытай Ілиясұлы
Сыңсыған тырнаның,
Тыңдадым сырлы әнін.
Қозғады қоңырлатып,
Жанымның ырғағын.

Қайырмасы:

Өзіңде назарым,
Жабырқау ажарым.
Қараймын аспанға,
Жас толы жанарым
Сағыныш,
Еңсемді басқанда.

Тізбегі алыстап,
Кетті олар дауыстап.
Мұңайып мүсіркегендей,
Жүдеді таныс бақ.

Құстан кем емес ең,
Кешіктің неге сен?
Келсеңші, кідірмесеңші
Өртенсін демесең.
Біздің сайттан Нурлан Онербаев – Кешіктің неге сен әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Кешіктің неге сен» әні Нурлан Онербаев орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама