Рухия Байдүкенова - Домбыра
Рухия Байдүкенова - Домбыра
Слушать
67
Трек

Домбыра

Рухия Байдүкенова
Текст песни
Текст песни: 1. Тарт күйіңді домбыра,
Төгіл-төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!

2 Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлттар ыдыра!
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра!

Қ-сы:

Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра,
Көргеніңді күй қыла,
Құлшына тарт, домбыра!

3 Ойнатайын он саусақ,
Құлындайын құлдыра.
Бозда-бозда бота күй,
Құлшына тарт, домбыра!

4 Көңілімді қандыра,
Тәтті-тәтті күйге тарт,
Шежіре, шешен сұңғыла,-
Құлшына тарт, домбыра!

Қ-сы:

Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра,
Көргеніңді күй қыл,
Құлшына тарт, домбыра!
Song cover Song cover

Текущий плейлист