Таң нұры - Шынайы махаббат
Трек

Шынайы махаббат

Тыңдау
Жүктеп
179
Ән мәтін
Ән мәтін: Бір жігіт үйленді жақында
Білмейді жарының атыңда,
Достары үйіне әкеліп берген соң
Ие болып қалған ғой жас қызға

Жас сұлу отырмай жылайды
Бұрын ол көрмеген мұндайды
Әр кімге жәүтеңдеп, жеңгейге жалынып
Басына бостандық сұрайды

Жеңгесі орнынан тұрады
Жас сұлу алдына құлайды
Ызага бұланып жеңгейге жалынып
«Махаббат қайда» деп сұрайды

Махаббат дегенің қолдағы
Деп жеңгей қайнысың қолдады
Бахытты болсаңдар егерде екеуің
Шынайы махаббат солдағы

Сол жерде бір кемпір тұр еді
Бұл кемпір бұлай деп сөйледі
Жас кезде махаббат дегенді білмеппіз
Деп кемпір сол жерде күледі

Сол кезде сыртқы есік ашылды
Ішке бір жас жігіт атылды
Шыдалмай жас сұлу
Жігіттің мойнына орала-орала асылды

Бұл жігіт сұлудың сүйгені
Бұларды барша жұрт біледі
Бақытты жандарға қиянат жасауға
Қалайша барды екен жүрегі
Біздің сайттан Таң нұры – Шынайы махаббат әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Шынайы махаббат» әні Таң нұры орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама