Ұланғасыр Қами - Алла
Трек

Алла

Тыңдау
Жүктеп
466
Ән мәтін
Ән мәтін: Алла

Қайырмасы:

Раббым Алла,
Қадамдадым саған сеніп алға,
Жүректесің, нұр бересің жанға.
Сенің шексіз ұлылығың – сонда,

Жаным Алла,
Құлың болу – асыл бағым Алла.
Білушісің, бәрін, бәрін Алла,
Сенсің атар алтын таңым Алла.


1 куплет:

Сенен басқа Тәңір жоқ, Жаппарым,
Сені Раббым жүректе сақтадым.
Құлшылығым болсыншы Хаққа мың!

Адал ризық Алла деп тапқаным,
Тәуекелге өзің деп аттадым,
Саған болсын мадақ пен мақтауым!

Қайырмасы:

Рахым Алла,
Жарылқаушы Әзиз атың Алла,
Құдіретті шексіз Хакім Алла,
Cенсің әрбір демім, Ғафур Алла!

Ием Алла,
Мен жүрекпен сені сүйем Алла,
Бойтұмарым ұлық кием Алла.
Сәждеде бас саған ием Алла.


Сенсің Алла береке сабырым,
Сенсің Алла – ғибрат, тағылым,
Рахымың төк, әс-Сәләм, Тәңірім.
Бізде сіз Ұланғасыр Қами - Алла әнін mp3 форматында телефоныңызға немесе компьютеріңізге жүктей аласыз, жақсы сапада тегін және тіркеусіз тыңдай аласыз.
Song cover Song cover

Топтама