Zhalgas Sultan - Шашбаулым
Трек

Шашбаулым

Слушать
Скачать
1
Текст песни
Текст песни: Қона қалған бойыңа
Құндыз бөрік шашбаулым
Жарқырайды жақұты
Жұлдыз болып мақтаулым, шашбаулым
Жамылып-ап торқаны
Тағып алып алқаны
Жолығайық уәделі
Бір күні келіп мақтаулым, шашбаулым

Сыңғыр шолпы шашбауың
Жарасады таққаның
Осы сәнің тұрғанда
Қаламаймын басқаны, басқаны
Үкілерің желбіреп
Жас жүрегім елжіреп
Сүйіншілеп жеңгейлер
Шашбаулы қыз келді– деп, келді–деп

Қызыл бешпент үстінде
Қынама бел шашбаулым
Алтыбақан тебуге
Сұрана кел мақтаулым, шашбаулым
Ай толықсып аспанда
Туған кезде, шашбаулым
Ойнаймын деп ақсүйек
Қуана бер мақтаулым, шашбаулым

Сыңғыр шолпы шашбауың
Жарасады таққаның
Осы сәнің тұрғанда
Қаламаймын басқаны, басқаны
Үкілерің желбіреп
Жас жүрегім елжіреп
Сүйіншілеп жеңгейлер
Шашбаулы қыз келді– деп, келді–деп

Сыңғыр шолпы шашбауың
Жарасады таққаның
Осы сәнің тұрғанда
Қаламаймын басқаны, басқаны
Үкілерің желбіреп
Жас жүрегім елжіреп
Сүйіншілеп жеңгейлер
Шашбаулы қыз келді– деп, келді–деп
У нас вы можете скачать песню Zhalgas Sultan - Шашбаулым в формате MP3 на свой телефон или компьютер, слушать в хорошем качестве бесплатно и без регистрации.
Song cover Song cover

Текущий плейлист