Әбдіжаппар Әлқожа - Ләйләм менің
Трек

Ләйләм менің

Слушать
Скачать
87
Текст песни
Текст песни: Ләйләм менің,
Ажарың аспандағы айдан керім.
Махаббат ғашықтарға майдан болса,
Мен сенің жүрек жұтқан майдангерің.
Жеңілді мұң,
Жаныңда жаным тыныш сенің гүлім,
Мені әулие демейді ешкім, бірақ,
Сені сүйетініме сенімдімін.

Chorus:
Жаным құмар,
Махаббатқа жүрегім табындырар.
Сүйгеніңді сүймесең түптің түбі,
Жалғыздығы адамды жаңылдырар.
Жат елеске,
Өміріңді тапсыру қате емес пе?
Жүрегіңді тыңдауға жүрексінбе,
Тағдырыңды таңдауда қателеспе.

Тыңда мені,
Ғашықтардың ғазауат мұңды әлемі.
Өз қолымен жасаған өкініштің,
Кездеседі өмірде мың дәлелі.
Жылатады,
Жылап тұрып кешірім сұратады.
Адам бір рет сүйеді, содан кейін,
Соған ұқсас адамды ұнатады.

Chorus:

Айдан керім,
Атыңнан айналайын Ләйләм менің.
Махаббат майданында шейіт болсам,
Лә-й-лә деп бітсе ғой қайран демім.
Ләйләм менің.
У нас вы можете скачать песню Әбдіжаппар Әлқожа – Ләйләм менің в формате MP3 на телефон или компьютер, а также слушать онлайн бесплатно. Трек "Ләйләм менің" исполнителя Әбдіжаппар Әлқожа доступен в хорошем качестве. На странице вы можете прослушать композицию онлайн и открыть другие песни этого артиста.
Song cover Song cover

Текущий плейлист