Адлет Асанов - Үйленді досым
Трек

Үйленді досым

Тыңдау
Жүктеп
3
Ән мәтін
Ән мәтін: Досым үйленді бүгін
Адал жары қасында
Кешегіден бақытты
Көрініп тұр расында
Досым
Құсың құтты болсын

Жиналды бүгін барша
Тілекші болған достар
Жетеді маған досым
Тек сен бақытты болсаң
Досым
Тойың құтты болсын

Үйің толып кішкентай сәбиге,
Ең бақытты адам бол фәниде!

(Қайырмасы)
Қолдасаң көтер досым қолыңды
Бер енді жолыңды
Тілегім орынды
Бес күндік мынау жалған өмірді
Сүріңдер көңілді
Мүмкіндік берілді



Таңдапты Тәңір бізді,
Өзіңдей жарқын жүзді!
Құдайға шүкір деймін,
Адамға қосқан ізгі
Досым!
Өмірде жолың болсын!

Достықтың ұстап туын
Көтердік талай жерде
Еңсемізді тік ұстап
Сыйлы адам болдық елге
Досым
Жолымыз түзу болсын

Досым ау менің жүректесің
Лайықты жансың тілекке шын
Бәріне дәлелдеп келеміз барлығын
Ешқашан арадан қыл өтпесін

Сен менің беделім, Сен менің мақтаным!
Қиратып келеміз тағдырдың қақпанын!
Сен бүгін бір белес аттадың тағыда!
Бауырым көп болсын бақытты шақтарың!

Үйің толып кішкентай сәбиге,
Ең бақытты адам бол фәниде!

(Қайырмасы)
Қолдасаң көтер досым қолыңды
Бер енді жолыңды
Тілегім орынды
Бес күндік мынау жалған өмірді
Сүріңдер көңілді
Мүмкіндік берілді
Біздің сайттан Адлет Асанов – Үйленді досым әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Үйленді досым» әні Адлет Асанов орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама