Alikhan Baisultanov - Aspan
Трек

Aspan

Тыңдау
Жүктеп
35
Ән мәтін
Ән мәтін: Жерге ғашық болғаннан соң о бастан
Көлге қарап боянады көк аспан
Оған неге тамсанбайды жанарлар
Самал желге еріп келді сауалдар

Бұлт бұл жерге бұлт болудан шаршады
Шаршады да шашырады моншағы
Түн адамзат ойлансын деп ұзарды
Күн әлемнің күнәсі үшін қызарды , қызарды

Аспан-аспан жарықтар мен түнектер
Аспан-аспан алғыстар мен тілектер
Жерге сыймай кетіп қалған сен жаққа
Жарқырап тұр ең мейірімді жүректер

Бұлт бұл жерге бұлт болудан шаршады
Шаршады да шашырады моншағы
Түн адамзат ойлансын деп ұзарды
Күн әлемнің күнәсі үшін қызарды , қызарды


Түн адамзат ойлансын деп ұзарды
Күн әлемнің күнәсі үшін қызарды , қызарды
Біздің сайттан Alikhan Baisultanov – Aspan әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Aspan» әні Alikhan Baisultanov орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама