Madina Sadvakasova - Домбыра туралы баллада
Трек

Домбыра туралы баллада

Тыңдау
Жүктеп
5
Ән мәтін
Ән мәтін: ә. Кеңес Дүйсекеевтікі
с. Шөмішбай Сариевтікі

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі,
Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Бізде сіз Madina Sadvakasova - Домбыра туралы баллада әнін mp3 форматында телефоныңызға немесе компьютеріңізге жүктей аласыз, жақсы сапада тегін және тіркеусіз тыңдай аласыз.
Song cover Song cover

Топтама