Ninety One - TARTTY
Трек

TARTTY

Тыңдау
Жүктеп
49
Ән мәтін
Ән мәтін: Тартты көзіңдегі жалын, қимылдарың ырғақты
Ана белің жүгіртеді қанды қатты
Бір өзіңе қарай жылдамдығым артты.
Әуеннен гүлденіп айналаны құлататын ойы бар
Қанша жерден қаратуға тырыспа
Өз әлемінен ғана естиді дыбыстар
Анда ол super star

Мен бәрін де көріп тұрмын, сен шашыңмен өткір, ауаны кесіп өттің,
Неткен өрт бұл
Үйлескен дыбыстарға, қимылдарың би әлде қылмыс па мынау?
Сен тіпті тырыспадың да, бірақ мені жиналмайтындай
Сындырып тастадың ба?

Сонда да... тартты көзіңдегі жалын, қимылдарың ырғақты
Ана белің жүгіртеді қанды қатты
Бір өзіңе қарай жылдамдығым артты

Әуеде биде қалықтайық күте тұрсын айнала
Осы сәтте қозғалыста біз ғана
Менің алақаным сенің алақаныңда
Жарық жұлдыздар

Таң қалдыратын танго таңға дейін
Әуе кемесі дайын, ән таңда деймін
Көзбен атысатын анда-санда
Жоғалып кеткендей боламын құшақтасаң да

Осы сәтті мәңгі есте сақтасам ба, қайда сандық,
Кел румба, самбамен булатсақ мына дауалдарды эй
Сен баурап алдың мені...

Сонда да... тартты көзіңдегі жалын, қимылдарың ырғақты
Ана белің жүгіртеді қанды қатты
Бір өзіңе қарай жылдамдығым артты

Сонда да... тартты көзіңдегі жалын, қимылдарың ырғақты
Ана белің жүгіртеді қанды қатты
Бір өзіңе қарай жылдамдығым артты
Біздің сайттан Ninety One – TARTTY әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «TARTTY» әні Ninety One орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама