Расул Тауекел - Ерке қыз
Трек

Ерке қыз

Слушать
Скачать
1
Текст песни
Текст песни: Ерке қыз
1.Күннен де, айдан да, сұлу еркем менің,
Қылықтарың сүйкімді, көркем сенің.
Шынайы ұнатамын, бірақ бұрын
Бір көргеннен сүюге сенбеуші едім.

Көздеріңе қарасам тоймайды екем,
Сезім еді бұл тұнық, қандай терең?!
Сәт сайын сағыныштан маза таппай,
Күні-түні бір сені ойлай берем.

Қ/сы:
Ерке қыз бақытымсың басымдағы,
Өзіңсіз көңіл-күйім ашылмады.
Бұл өмірде жақсы ғой бірін-бірі
Шын сүйген жүректердің қосылғаны.

2.Өткіземін мен аңсаумен күндерімді,
Жанарыңнан жымисаң нұр төгілді.
Алыстамыз, тек әттең, мен армандаймын
Ақ жүзіңді жақыннан бір көруді

Жүрегімде ерекше жолы бар қыз,
Бір сәтке де қалдырма мені жалғыз.
Ең бастысы тәтті сезім суымасын,
Алла жазса бір күні жолығармыз !
У нас вы можете скачать песню Расул Тауекел - Ерке қыз в формате MP3 на свой телефон или компьютер, слушать в хорошем качестве бесплатно и без регистрации.
Song cover Song cover

Текущий плейлист