Шабыт тобы - Лезгинка
Трек

Лезгинка

Тыңдау
Жүктеп
31
Ән мәтін
Ән мәтін: Жүрекке жырын түйген бар,
Бір-бірін қатты сүйген бар.
Қамажай, танго, ламбада,
Әлемде түрлі билер бар.

Жүзеге ассын жоспарың,
Жүзден де ассың жастарың.
Лезгинка биле қанеки,
Қазақша сөзі достарым.

Қайырмасы:
Беу, шіркін, үй деп,
Лезгинка билеп,
Көтеріп көңіл қалайық.
Билейтін жиі,
Тау халқы биі,
Тамаша қандай ғажайып.

Шаршамай, талмай,
Көшіңнен қалмай,
Маңдайдан шықсын тұнық тер!
Солай да солай,
Осылай былай,
Билеңдер, қыздар, жігіттер!

Әкем де қазақ, анам да,
Қазақша айтсам жаман ба?!
Өнер де ортақ, би де ортақ,
Адамға мынау ғаламда.

Қазақтың ғажап күйі бар,
Әр елдің әсем биі бар.
Өкінбеу үшін өмірде,
Тәңірдің берген сыйын ал.
Біздің сайттан Шабыт тобы – Лезгинка әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «Лезгинка» әні Шабыт тобы орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама