Төреғали Төреәлі - Көк көйлек кимеңдерші арулар
Төреғали Төреәлі - Көк көйлек кимеңдерші арулар
Тыңдау
857
Трек

Көк көйлек кимеңдерші арулар

Төреғали Төреәлі
Орындаушылар
Ән мәтін
Ән мәтін: Көк аспан Көктебеде көк көйлек
Ойлап ем басқа қонған бақ қой деп
Тербейді оңашада қалғанда
Сен жайлы тәтті ой келіп

Қайырмасы:
Нөсерлі төкпеңдерші жауындар
Бұлдырап кетпеңдерші сағымдар
Есіме сала беріп сол қызды
Көк көйлек кимеңдерші арулар

Көргенде алғышқы әрі соңғы рет
Қарадым қайта-қайта мөлдіреп
Көк көйлек көк туындай сол жақтың
Жадымда қалып қойды-ау желбіреп

Қайырмасы:
Нөсерлі төкпеңдерші жауындар
Бұлдырап кетпеңдерші сағымдар
Есіме сала беріп сол қызды
Көк көйлек кимеңдерші арулар

Бұл әнді шығарғандағы мақсат
Тыңдарсың бір күндері құлақ салып
Көк көйлек киген ару көзіме
Көрінсе жетер еді бір-ақ сәт
Song cover Song cover

Топтама