Жандос Әлім - О, Лэйла
Трек

О, Лэйла

Тыңдау
Жүктеп
257
Ән мәтін
Ән мәтін: О,Лэйла

1)Мен жалғыз тұрдым,
Сен жалғыз тұрдың.
Мен мойын бұрдым,
Сен аздап күлдің.
Жақындап кеп жаныңа,
Қолды созып қолыңа,
Атыңды білдім.

Мен мәз боп қалдым,
Сен от боп жандың.
Мен байқап көрдім,
Сен қабыл алдың.
Баққа лайық баянды,
Жан екенсің аяулы,
Жүрегі алтын.

Қайырмасы:
О,Лэйла. О,Лэйла.
Сүйіп қалдым. О,Лэйла!
О,Лэйла. О,Лэйла.
Күйіп-жандым. О,Лэйла!
Тұнық түндей көз-қасың!
Өзгешесің,басқасың!
О,Лэйла! О,Лэйла!

2)Мен бақыт таптым,
Сен қанат қақтың.
Сезімін қостық,
Біз екі жақтың.
Көріп бірден ұнатқан,
Көңілімде бүр атқан,
Өзіңсің тәттім.

Мен кешкен күнде,
Сен жайнап гүлде
Қайғы-мұң деген,
Жоқ болсын мүлде.
Жігеріміз жеткенше,
Осы өмірден өткенше,
Болайық бірге
Біздің сайттан Жандос Әлім – О, Лэйла әнін MP3 форматында телефонға немесе компьютерге жүктеп алуға, сондай-ақ онлайн тегін тыңдауға болады. «О, Лэйла» әні Жандос Әлім орындауында жоғары сапада қолжетімді. Бұл бетте сіз әнді онлайн тыңдап, орындаушының басқа да әндерін таба аласыз.
Song cover Song cover

Топтама